2025 жылдың 16 мамыр күні Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы 4 ҚПБ ЖПҚБ УПИ полииция лейтенанты Е.О.Кенжебек, Ақтөбе облысы ПД ҰҚҚКБ аға жедел уәкілі полиция майоры Кірекесов Бағдат Серикович оқушыларға кездесу өткізілді. Кездесу барысында білім алушыларға «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу профилактикасы», «Нашақорлық ғасыр дерті», «Буллинг, кибербуллингтің алдын алу», «Велосипед ұрлығының алдын алу», «Жасөспірімдердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі», “Жаз айларында суға шомылу бойынша ескертпе жұмыстары”, “Интернет аялаяқтық”, “Жол қауіпсіздік ережелері” тақырыбында баяндамалар оқылды. Білім алушыларға тақырыпқа сәйкес видеороликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
@aqtobe_obl_sport
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@serikbol_nuralin
