Бас Прокурор Берік Асыловтың «Егемен Қазақстан» газетіне 14.06.2025 жылы берген сұхбатынан:
– Азаматтық қоғамды құқықтық санасы жоғары әрі құқықтық мәдениеті қалыптасқан деңгейде құру жүйелі шаралар мен идеологиялық жұмысты талап ететіні анық. Бұл бағыттағы жұмыстарға прокуратура қандай үлес қосып отыр?
– «Тақыр жерге шөп өспейді» деген сөз бар. Бұл тәмсіл құқықтық сана саласына да тікелей қатысты. Егер қоғамда не дұрыс, не бұрыс екені туралы түсінік болмаса, онда адамдар ақ пен қараны ажырата алмайды.
Сондықтан заңға деген құрметті қалыптастыру – бұл мемлекет саясаты мен жалпыұлттық идеяның ажырамас бір бөлігі.
Кез келген табысты мемлекет белгілі бір құндылықтар жүйесіне сүйенеді, ол жүйе тәрбие мен мінез-құлық ережелерін айқындайды.
Идеология қоғамда әділеттілік, тәртіп пен даму туралы біртұтас көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Заңға құрмет сезімі қалыптасып, мемлекет пен қоғамның өзара жауапкершілігі, азаматтардың идеологиялық бірлігі нығаяды.
Бүгінде елімізде жаңа қазақстандық тұлғаның – саналы, жауапты, адал, білікті азамат бейнесін қалыптастыруға бағытталған моральдық-адамгершілік негіз жасалып жатыр. Бұл – «Адал азамат» тұжырымдамасының басты мұраты.⤵️⤵️⤵️