Құрметті ата-аналар!
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – әрқайсымыздың басты міндетіміз.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы сіз өз балаңызды түрлі қауіп-қатерлерден қорғауға көмектесе аласыз.
🌙 1. Түнгі уақытта балалардың жүріс-тұрысын бақылау
– Балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде жүруіне рұқсат етілмейді. Орын алған жағдайда Заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
Бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
– Балаңыздың қайда және кіммен жүргенін үнемі қадағалап отырыңыз.
🔥 2. Өрт қауіпсіздігі
– Балаларды сіріңке, оттық, электр құралдарын өз бетінше пайдалануға үйретпеңіз.
– Үйде өрт сөндіргіш құралдардың барына және олардың дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.
– Газ, электр пештерін қолдану ережелерін балаға түсіндіріңіз.
– Отпен ойын – қайғылы оқиғаға апарады!
🌊 3. Судағы қауіпсіздік
– Балаларға өзен, көл, тоған сияқты ашық су қоймаларында ата-анасыз шомылуға тыйым салынады.
– Суға түсуге арналған рұқсат етілген, қауіпсіз жерлерді ғана таңдаңыз.
– Қайық, үрлемелі шеңбер, матрас сияқты құралдарды тек ересектердің қадағалауымен пайдалану керек.
– Балаңызға суда өзін қалай ұстау керектігін алдын ала үйретіңіз. #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@anar_tanirbergenova18
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_bilim_bolimi
@birtutas_tarbie_aqtobe