Ұлттық құндылығымызды ардақтау, рухани жаңаруымызға үлес қосар мереке. Өйткені, шанағынан рух берер күй күмбірлегенде елең етпейтін қазақ жоқ. Домбыра үні қанымызда бар- ұлттық өнеріміз. Қашанда қазақ пен домбыра егіз , екеуінің біртұтас ұғымға айналып кеткеніне тарих куә. Сол қасиетті қара домбыраның күмбірлеген үні талай жанға рух беретіні сөзсіз. Оның шанағынан төгілген әсем әуен мен тәтті күйге тәнті болып, құлақ құрышын қандырамыз. Ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында “Ұлттық құндылықтар керуені” Республикалық балалар шығармашылық Фестивалінде @55 орта мектеп- гимназиясының талантты оқушылары өнер көрсетті. “Дәстүрлі өнер-халық қазынасы” номинациясы бойынша 8а класс оқушысы Мәулетшәріп Бекайдар- Бас жүлде; 6б класс оқушысы Есенов Алихан жүлделі І орын; “Өсиет-терме” бағытынан 6а класс оқушысы Шиелбай Ханшайым-Бас жүлде; “” Күй өнері “ бағыты бойынша 7в класс оқушысы Истемиров Нұрхан жүлделі І орынмен марапатталып, “Шығармашылық және қабілет” номинациясы бойынша Есенов Алихан -Бас жүлде иеленді. Жетекшісі: музыка пәні мұғалімі Докина Фарида Танбаевна. “ Батаменен ел көгерер” номинациясы бойынша Истемиров Нұрхан жүлделі І орынмен марапатталды. Жетекшісі: Елманов Айболат Абаевич. #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@anar_tanirbergenova18
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_bilim_bolimi
@birtutas_tarbie_aqtobe
